Біздің мектебіміз.

   

   Біздің мектеп Баратай ауылында орналасқан. Баратай мектебі 1934 жылдан бастап бастауыш мектеп ретінде жұмыс істейді. 1976-1977 оқу жылында мектеп аудандағы негізгі мектептердің тізіміне енді. 1993 жылы жаңа екі қабатты ғимарат салынып, пайдалануға берілді. 1993 жылдан 2011 жылға дейін біздің мектебіміз орта мектеп мәртебесіне ие болған. 2011 жылы ол қайтадан негізгі мектептердің қатарына қосылды. 2009 жылдан бастап мектеп ғимаратында «Айгөлек» шағын орталығы ашылды. Қазіргі кезде Баратай негізгі мектебінде  13 мұғалім және 37 оқушы білім алуда. Барлық қызметкерлер 24.