Тәуелсіз елім-Қазақстаным!

Биыл Қазақстан халқының тәуелсіздігін алғанына 30 жыл . Еліміз Тәуелсіздікке оңай қол жеткізген жоқ. Қазақ тек бірігу , бірлесу жолында келе жатқан халық . Қазақ халқының тарихы ғұмыры тереңде жатыр. Тәуелсіз Қазақстан халқының азаматтық жолындағы сан ғасырлық арманы . Қазақ халқының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі . Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп , қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп , Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз болды . Керей мен Жәнібек хан құрған Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында мәңгілік арманына жетті . Мойны бұғаудан босады . Біз тәуелсіз ел болдық деп мінбеден сөйлеп , биік-биік тұғырдан көріндік . Қазақ хандығының 550 жылдық тойының атап өтілуі де халқымыздың Егеменді Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді . Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретінде жас ел тарихының жаңа беттері басталды . Осы уақыт аралығында еліміз етек-жеңін жинап , шекарасын бекітіп , өз алдына дербес зайырлы ел болды . Қоғамды бейбітшілік пен келісім жайлады . Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі . Қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккен, әсіресе 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар ата-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді . Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік , керегесі кең мемлекет болып қалыптасты . Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы .Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді. Ұлттық рухты оятып , мемлекетімізді жаңғырту миссиясы қазіргі жахандық саясат сардарларының бірі- Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді . Жер бетіндегі қарапайым халықтарға зер салсақ та олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп келе жатқанын байқаймыз , тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе ! Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен , оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп - тәуелсіздігін алмаған елдер қаншама . Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тер төкті , сондықтанда мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін . Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз , яғни тәуелсіздік атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін . Тіпті бүгінде еліміздің Астанасы- Нұрсұлтан қаласы арман қалаға айналды . Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды . Өзінің ішкі туризімі , теңгесі , ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатыр . Отанымызды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті . Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар . Орманы жоқ құстың ұясы да , қонар бұтағы да жоқ . Сол секілді әр бір өскелең ұрпақ бүлдіршін шақтан бастап өз отанын қадірлеуді , егемен елдің ұрпақтары екенін санасына құйып өсуі қажет . Бабаларымыздан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз екенін бүлдіршіндерімізге түсіндіріп өту біздің ең басты борышымыз . Қазаққа осынау ұлан ғайыр жерді ешкімде сыйға тартқан жоқ . Бәріде ата –бабаларымыздың елім деп жерім деп аянбай тер төгуінің арқасы деп білеміз . Өскелең ұрпаққа Тәуелсіздігіміздің осындай қиын да қилы жолмен келгенін , жас бүлдіршіндердің санасына ұғындыру біздердің басты борышымыз . «Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» - А.С.Макаренко . Сондықтан біз балаларымыздың болашағына , тәрбиесіне жауапты жандармыз .