Баламен сөйлесудің он ережесі
«Баламен сөйлесудің он ережесі»
- Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз, мазасыз болады;
- Қатты шаршап, қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес;
- Қызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін. Қызметіңіз сізге ұнайды, баланы жақсы көресіз;
- Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында қасыңызға келген баланы итермеңіз. Бала- адам, ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады;
- Бала көмекші әрі отбасының тең құқылы мүшесі. Үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып, баланы жалықтырмаңыз;
- Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз, сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне, өз күшіне сенімді болсын десеңіз, бала ересектердей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз;
- Жұмыс- бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ержетуге асығады;
- Тыңдай біліңіз. Көпшілігіміз баланың ісі шала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды. Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды;
- Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңыз, уайымыңызбен бөлісіңіз. Ақыл- кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз;
- Тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз Сізден материалды тәцелді екенін айтудан қашыңыз. Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, бұл баланы жаралайды... Қарттық шағыңызда осындай жағдайлардан ұялуыңыз әбден мүмкін.