Психолог жоспары.

«Бекітемін»

Баратай  негізгі мектебінің директоры: Садвакасова Т.К.

 

 

Психологиялық қызметтің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Мақсаттары:

Оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беруді ұйымдастыруда жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал туғызу және оқу процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

  • оқушылардың тұлғалық және интеллектуалдық дамуына, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ықпал ету;
  • жедел дамып жатқан ақпараттық қоғамда оқушылардың сәтті әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
  • әр оқушыға оның тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде жеке тәсілді қамтамасыз ету;
  • оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау;
  • оқу процесі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін жетілдіру;
  • оқушылардың ассоциалдық әрекеттерін болдырмау және оларды дер кезінде түзету.