Ата-аналар жиналысы

20.10.2026

Мектебімізде «Жасөспірімдерді деструктивті мінез-құлықтан қалай қорғауға болады?» тақырыпта  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және жасөспірімдерді деструктивті мінез-құлықтан қорғау мәселелеріне арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың бала қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдердің психологиялық жағдайына назар аудару, қауіпті мінез-құлықтың алдын алу жолдарын түсіндіру және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Жиналыс барысында жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, балаларға психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері талқыланды.

Бала қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік! Баланың жан дүниесін түсіну, оған қолдау көрсету және сенімді қарым-қатынас орнату — қауіпсіз болашақтың негізі.

Просмотров: 330

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу