«Сөз тапқанға қолқа жоқ» – тілдік ойындар күні!

13.10.2026

«БІЛІМ БАСТАУЫ-БАСТАУЫШТА » БАСТАУЫШ СЫНЫБЫНЫҢ ОНКҮНДІГІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ ✨

🗣️ «Сөз тапқанға қолқа жоқ» – тілдік ойындар күні! 🎯

Бүгін бастауыш сынып оқушылары арасында «Сөз тапқанға қолқа жоқ» тақырыбында қызықты тілдік ойындар ұйымдастырылды.

🎲 Оқушылар түрлі сөздік ойындарға қатысып, сөздік қорларын молайтты, тапқырлықтарын шыңдап, ойлау қабілеттерін дамытты. Жаңылтпаштар айтып, жұмбақтар шешіп, сөздермен қызықты тапсырмалар орындау арқылы өз білімдерін ортаға салды.

🌟 Тілдік ойындар оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын арттырып, сауатты сөйлеуге, шапшаң ойлауға және сөз қадірін түсінуге баулиды.

💐 Сөз өнері – ойдың көркі, тіл байлығы – білімнің бастауы!

Просмотров: 612

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу