Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

13.05.2026

Мектебімізде барлық сынып оқушылары арасында "Өрт қауіпсізгігі " тақырыбында әңгіме өтті.Өрт қауіпсіздігінің мақсаты:Өрттің алдын алу, адам өмірін қорғау, денсаулық пен мүлікті сақтау.
Өрт қауіпсіздігі ережелері.Сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау.Электр құралдарын қараусыз қалдырмау.Газ плитасын абайлап пайдалану.
Үйден шығарда жарық пен электр құрылғыларын өшіру.Қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеу.
Отпен ойнамау.Өрт болған жағдайда:Сабыр сақтау.Үлкендерге немесе мұғалімге хабарлау.101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу.Түтін болса, еңкейіп шығу.
Лифт қолданбау.Қауіпсіз жерге шығу.

Просмотров: 1403

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу