Ұлттық теңге - ұлттық мақатанышымыз

Тиын ақшалар металдан жасалады. Тиын ақшалар арқылы бізге бағзы замандағы зор маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, жануарлар әлемі жеткен. Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын, мәдени мұраларын, айтулы азаматтарын есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылады. Абай, Жамбылдың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 5, 10 жылдығына арналған мерейтойлық ақшалар бар.

 Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті… Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының  рубльдік  аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
       1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары»компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.