«Айгөлек» шағын орталығының 2026–2027 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысының жылдық жоспары
«Айгөлек» шағын орталығының 2026–2027 оқу жылына арналған
ата-аналар жиналысының жылдық жоспары
Мақсаты: ата-аналармен тұрақты байланыс орнатып, баланың тәрбиесі, денсаулығы, қауіпсіздігі және жан-жақты дамуы бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру.
Міндеттері:
- ата-аналарды балабақшаның оқу-тәрбие жұмысымен жүйелі таныстыру;
- баланың жас ерекшелігіне сай дамуына қолдау көрсету жолдарын түсіндіру;
- отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
- ата-аналарға бала қауіпсіздігі, денсаулығы және эмоционалдық жай-күйі туралы кеңес беру;
- ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру.
|
Айы |
Жиналыс тақырыбы |
Негізгі мазмұны |
Жұмыс түрі |
|
Қыркүйек 2026 |
«Балабақша мен отбасы – балаға ортақ орта» |
1. Жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттер. 2.Топтың күн тәртібі, ережелері. Баланың балабақшаға бейімделуі. 3. Ата-аналар комитетін сайлау 4. «Айгөлек» шағын орталығының күнделікті ішетін ішетін тамақтарын қамтамасыз ету, тамақ мәселесін шешу 5. Ата-аналармен байланыс тәртібі. |
Жалпы ата-аналар жиналысы, танысу, сауалнама |
|
Қараша 2026 |
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» |
1.Мадақтау мен талап қоюдың тиімді жолдары. Баланың мінез-құлқын түсіну. 2.Үйдегі тәрбие мен балабақша талаптарының бірізділігі. |
Пікірталас, жағдаяттарды талдау |
|
Желтоқсан 2026 |
«Қауіпсіз балалық шақ» |
1.Үйде, көшеде және балабақшада қауіпсіздік. Бейтаныс адаммен қарым-қатынас. Өрт және жол қауіпсіздігі. 2.Ата-аналар үшін ашық есік күнін ұйымдастыру және жоспарымен таныстыру 3. Жаңа жыл мерекесінің өтілу барысымен, оларға қойылатын талаптарымен ертеңгіліктің қойылымымен, ата-аналарға бөлінген жұмыстармен таныстыру |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, жадынама |
|
Қаңтар 2027 |
«Бала тілін дамыту – болашаққа бастар жол» |
1. Баламен дұрыс сөйлесу, кітап оқу, сөздік қорын байыту. Сұрақ қою және баланы тыңдау. Үй жағдайындағы тілдік ойындар. 2. Тіл дамуы — ойынмен бірге 3. Кеңес: «Баланың ойлау қабілетін дамытатын үстел ойындары». |
Шеберлік сағаты, тәжірибе алмасу |
|
Наурыз 2027 |
«Ұлттық тәрбие – ұрпақ тәрбиесінің негізі» |
1. Қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу. Отбасындағы ұлттық құндылықтар. 2. Науырыз мерекесінің өтілу барысымен таныстыру 2. Наурыз мерекесіне ата-аналардың қатысуымен ұлттық ойындар ұйымдастыру. |
Тәрбие сағаты, ұлттық ойындар, пікір алмасу |
|
Сәуір 2027 |
«Экологиялық тәрбие отбасынан басталады» |
1.Табиғатты қорғау, тазалық сақтау, су мен электр қуатын үнемдеу. Баланы еңбекке және қоршаған ортаға жауапкершілікке тәрбиелеу. 2. Экологиялық акция: «Бір отбасы–бір гүл». |
Акция, көрме, кеңес |
|
Мамыр 2027 |
«Бір жылдық жетістік: бала дамуындағы нәтижелер» |
1.Балалардың оқу-тәрбие жылындағы жетістіктері. Топтық ата-аналар жиналысы: «Балабақша мен отбасы: бірлескен жұмыстың нәтижесі». 2. Кеңес: «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік және демалыс». 3. «Жетістіктер қадамы» жаттығуы 4. Белсенді ата-аналарды марапаттау. 5.Келесі кезеңге ұсыныстар. |
Қорытынды жиналыс, кері байланыс |
Жауапты тәрбиеші: Какенова А.А.